Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«Сұңқар ойындары» спорт-қолданбалы көпсайыс командалық жарыстары туралы есеп

2011 жылғы қазанның 13-нен 16-на дейін бекітілген регламентке сәйкес «Сұңқар» СК «Сұңқар ойындары» спорт-қолданбалы көпсайыс командалық жарыстары (бұдан әрі – Жарыстар) өткізілді.  Бұл жарысқа 4: Павлодар мұнай-химия зауыты (ПНХЗ), «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, «PSA» ЖШС мен «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС командары қатысты. Кросс (әйелдер – 2 км, ерлер - 2,5 км, спринт - 100 м., ұзындыққа секіру, пресс, гимнастика мен жүзу (эстафета). Кросс бойынша жарыс орман алқабында өткізілгендіктен,  жарыстардың салтанатты ашылуы мерекелік безендіру және музыкамен қамтылған стадионда (тікұшақ алаңында) өтті. 

3 күндік жарыс барысында Жеңімпаз кубогын соңғы жүзу жарысында «ҚМГ-С» ЖШС (2-ші орны) командасын артта қалдары алған  ПНХЗ спортшылары ады, үшінші орынды «PSA» ЖШС өкілдері иеленді. Бұдан басқа, ерлер мен әйелдер арасындағы ең үздік спортшылар айқындалды. Әелдер арасында ол – ПНХЗ өкілі Небесская Марина мен ерлер  ҚМГ-С ЖШС өкілі Бегенов Халиолла болды.

Бұдан басқа «Активити» зияткерлік ойыны өткізілді, онда «PSA» ЖШС қызметкерлері жеңімпаз болды.

Жарыстарды жабу рәсімі салтанатты кешкі аста өткізіліп, онда жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді. Жарыс барысын журналисттер мен фотосуретшілер  бейнелеп, материалдарды
«Weekend.kz» журналында   жариялап отырды.

Жарыс барысында барлық компандалар жоғары корпоративтік рух пен керемет спорт шеберлігін танытты
. Бұл іс-шара жоғары сапалы деңгейде өткізіліп, жарыстардың ресми хаттамасына сай келді. Оған Жарысқа қатысушылар  ризашылығын білдірді.


17 Қазан 2011 Жаңалықтарға оралу