Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ерлер арасындағы мини-футболдан және әйелдер арасындағы спорттық конкурстар бойынша турнир өткізу туралы есеп
Бекітілген регламентке сәйкес 2011 жылғы желтоқсанның 1-нен 4-не дейін «Сұңқар» сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ерлер арасындағы мини-футболдан және әйелдер арасындағы спорттық конкурстар бойынша турнир (бұдан әрі – Жарыс) өткізілді. Бұл жарысқа 8 команда, 100-ден астам адам қатысты: «Қазақстан Темір Жолы» АҚ (ҚТЖ), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «PSA» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Өңдеу және Маркетинг» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Билайн» компаниясы, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС және «Сұңқар» СК командалары.
3 күндік жарыс барысында Жеңімпаз кубогын «ҚТЖ» АҚ қызметкерлері ұтып алды. Мини-футболдан 2-ші орынды «КМГ» БӨ АҚ, үшінші орынды «Қазпочта» АҚ ұтып алды. Спорттық конкурстарда 2 орынды «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС әйелдері (Артюхова Е., Дедяева О., Мұхамеджанова Ш., Базарбаева Ж.), үшінші орында «PSA» ЖШС спортшылары иеленді.
Бұдан басқа «Активити» зияткерлік ойыны өткізілді, онда «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС қызметкерлері жеңімпаз болды.
Жарыстарды жабу рәсімі салтанатты кешкі аста өткізіліп, онда жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді. Жарыс барысын «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының журналисттері бейнелеп, материалдарды Ақмола облысы және Астана қ. жаңалықтар бағдарламасында жариялап отырды.
Жарыс барысында барлық компандалар жоғары корпоративтік рух пен керемет спорт шеберлігін танытты. Бұл іс-шара жоғары сапалы деңгейде өткізіліп, жарыстардың ресми хаттамасына сай келді. Оған Жарысқа қатысушылар ризашылығын білдірді.
23 Желтоксан 2011 Жаңалықтарға оралу