Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Балалар конкурстары мен демалысы

  

Жыл сайын «Сұңқар» сауықтыру кешенінде (Ақмола облысы Зеренді ауданы) Атырау және Маңғыстау облыстарынан, ата-анасы ҚМГ компаниялары тобының өндірістік бөлімшелерінде, оның ішінде «Атырау МӨЗ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ және  «Өзенмұнайгаз» ӨФ   және т.б.  жұмыс істейтін 1700 астам 7-14 жастағы балалар демалады.  Балаларды лагерьге әкелу үшін Ақтау-Атырау-Астана бағыты бойынша арнайы чартерлік авиарейс ұымдастырылады.  

Жағы семестр уақытында балалар үшін барлық қажет жағдайлар жасалған: комфортабельді номерлер, төрт мәртелік теңдестірілген тағам, тәуілік бойы медициналық тексеру, танымдық және ойын-сауық іс-шаралары.

 Балалардың «Сұнқар» СК болу бағдарламасының негізгі мақсаты спорт және белсенді демалыс жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту, қоршаған ортаны танып, зерттеу болып табылады. Педагогтар  балалардың отаншылдық,  Отанын сүйгіштік, үлкендерді сыйлау  сезімін арттыру бойынша үлкен  тәрбиелік жұмыс жүргізеді.
 

 


07 Ақпан 2012 Жаңалықтарға оралу