Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС ғимараттың инфрақұрылым объектілерін (асхана) жалға ұсыну туралы тендерді келесі лоттар бойынша қайта өткізетіндігін хабарлайды:

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС ғимараттың инфрақұрылым объектілерін (асхана) жалға ұсыну туралы тендерді келесі лоттар бойынша қайта өткізетіндігін хабарлайды:

1. №1 лот – Астана қ., Қонаев көш., 8, Б блогы мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратындағы (бұдан әрі – Ғимарат) жалпы ауданы 1 506,1 м2 үй-жайлар, оның ішінде жиһаз және асханалық жабдық:

- үй-жайдың бөлігі Ғимараттың 1-қабатында орналасқан, ауданы 748,1 м2, күнтізбелік бір айға 1м2 үшін ҚҚС-ны ескергенде 2 400 (екі мың төрт жүз) теңге бастапқы (базалық) мөлшерлемемен;

- үй-жайдың бөлігі Ғимараттың жертөле қабатында орналасқан, ауданы 758 м2, күнтізбелік бір айға 1м2 үшін ҚҚС-ны ескергенде 2 000 (екі мың) теңге бастапқы (базалық) мөлшерлемемен;

№1 лот бойынша кепілді жарна сомасы – ҚҚС-ны ескергенде 6 622 880 (алты миллион алты жүз жиырма екі мың сегіз жүз сексен) теңге;

2. №2 лот - Астана қ., Қонаев көш., 8, Б блогы мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратының 2-қабатындағы жалпы ауданы 302,1 м2 үй-жайлар күнтізбелік бір айға 1м2 үшін ҚҚС-ны ескергенде 2 100 (екі мың бір жүз) теңге бастапқы (базалық) мөлшерлемемен;

№2 лот бойынша кепілді жарна сомасы – ҚҚС-ны ескергенде 1 268 820 (бір миллион екі жүз алпыс сегіз мың сегіз жүз жиырма) теңге;

3. №3 лот - Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, Б блогы мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараттың 1-қабатындағы жалпы ауданы 1040,2 м2 үй-жайлар, оның ішінде жиһаз және асханалық жабдық күнтізбелік бір айға 1м2 үшін ҚҚС-ны ескергенде 2 400 (екі мың төрт жүз) теңге бастапқы (базалық) мөлшерлемемен;

№3 лот бойынша кепілді жарна сомасы – ҚҚС-ны ескергенде 4 992 960 (төрт миллион тоғыз жүз тоқсан екі мың тоғыз жүз алпыс) теңге.

 

Кепілді жарна «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың Астаналық өңірлік филиалындағы есеп айырысу шотына енгізіледі, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ616010111000003602, БСН 990440000296, СТН 620200002179.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты – 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев көш., 8, Б блогы, 2-қабат, конференц-зал, 2016 жылғы 2 ақпан, 15 сағат 00 минут.

Тендерлік өтінімдерді ұсыну орны және соңғы мерзімі - 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев көш., 8, Б блогы, 312-кабинет, 2016 жылғы 2 ақпан, 12 сағат 00 минутқа дейін (өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, тендерге қатысу үшін сенімхат, кепілді жарнаның төленгендігін растайтын құжат болуға тиіс).

Тендерді өткізу, тендер құжаттамасын алу мәселелері бойынша +77172 974198 телефоны арқылы хабарласуға болады.


27 Қаңтар 2016 Жаңалықтарға оралу