Лагерьде жазғы демалыс маусымы аяқталды
Ақмола облысы Зеренді ауданындағы «Сұңқар» балалар сауықтыру орталығы биыл балалардың жазғы демалу мауысымын Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, «Менің Отаным Қазақстан» ұранымен өткізді.
Орталықта Ресейлік балалар да тынықты. Бұл Қазмұнайгаз компаниясының 2 ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында қолға алған жобасы. «Сұңқар» лагері балаларға арналған 6-шы мауысымды аяқтады. Осы уақытта мұнда 1, мыңнан аса бала демалды. Соңғы мауысымның жабылу салтанаты «Патриоттық маршпен» басталды. Мақсат - «балаларды отан сүйгіштікке баулып, достық пен бейбітшілікті бағалай білуге тәрбиелеу,-дейді ұйымдастырушылар.
Салтанат Сатыбалды, оқушы, Атырау облысы:
-Табиғатты көрдік, күшті екен, тиындар бар екен. Көп бассейнге барамыз, кинотеатрға барамыз, Көкшетауға бардық, қыдырдық. Мында 11 күн болдым. Маған өте ұнайды.
Екі апта бойы мұнда Ресейдің Екатиренбург қаласынан 49 жас спортшы бала дамалды. Солардың бірі суда жүзудің шебері - Дмитрий Смирнов. Ол, мұнда 14 күннің ішінде тынығып қана қоймай, мәдени іс шаралардың да ұйытқысы болды. «Қазақстан туралы көп естіген едім, енді өз көзімен көріп, ұмытылмастай әсер алдым»,- дейді ол.
Дмитрий Смирнов, РФ азаматы:
-Бұл жердің адамдары мүлде бөлек екен, сондай қонақжай. Қазақтардың салт дәстүрімен жақынырек таныстым. Жаңа достар таптым.
«Сұңқар» лагерінде негізінен Маңғыстау. Ақтөбе мен Атырау облыстарындағы мұнайшылардың балалары тынықты. Олардың жақсы демалуына барлық жағдай жасалған. Танымдық ойындар ұйымдастырылып, отансүйгіштік, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түрлі шаралар өткізілді.
Марат Ахметбеков, «Қазмұнайгаз-Сервис» ЖШС қызмет көрсету департаментінің директоры:
-Көңіл бөлінетін жаңағы негізгі жаңағы қара жұмыс істейтін негізгі мұнай табатын сол кісілердің балалары. Биыл 6-топты мына Ресейден 50 бала келіп демалып жатыр. Екатеринбор қаласынан енді бұл бірінші бастамамыз. Жаңағы бастаманы ары қарай тек қана Қазақстанда ғана емес оларды қабылдап, біздің балаларды соларға жаңағы Ресейге Украинаға жіберіп, демалдырып бір бірімен жақын таныстыру ойымыз.
Енді санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Жаздың жайма шуақ күндерін тамаша табиғат аясында көңілді өткізген балғындар мауысымның жабылу салтанатында бір- бірін қимай қоштасты.
"Хабар" Агенттігінің
19 августа 2011 Вернуться к новостям