Безупречность сервиса - привилегия нашего клиента!
 

Ақмола облысында балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуіне барлық жағдай жасалуда

Қазір табиғаты әсем Көкше өңіріндегі лагерьлерге еліміздің барлық аймақтарынан мыңдаған бала келіп тынығуда. Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Сұңқар» балалар сауықтыру кешенінде негізінен мұнайшылардың балалары демалады.

Қарағайлы орман, таза ауа, таңғажайып табиғат. Еліміздегі ең көрікті жерлердің бірі Зеренді ауданындағы «Сұңқар» лагері балаларға екінші мауысымын ашты. Салтанатты шара «Патриоттық маршпен» басталды. Биылғы маусым Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. «Басты мақсат - балаларды Отан сүйгіштікке баулып, достық пен бейбітшілікті бағалай білуге тәрбиелеу»,-дейді лагерь басшылығы.

Кеңесбек Жолмағамбетов:
- Осы Жаңаөзен қаласынан, Маңғыстау облысынан келіп тұрмын. Мен осы лагерьге бірінші рет келіп тұрмын. Мұнда балалары жақсы, сыпайы, тәртіпті балалар бар.

Маржан Каджикова:
- Мен осы жақта бірінші рет орманды көрдім, бірінші рет көлді көріп отырмын. Осы лагерьді салғаны көп балдарды жақсылыққа, табиғатты сүюге үйретіп жатыр.

«Сұңқар» лагерінде 6 кезең ұйымдастырылады. Қазір екінші мауысым басталды. Онда 250 бала демалуда. Бағдарламалары әралуан. Көңілді тапқыштар ойыны, би кештері, білім сайыстары, сондай-ақ Ақмола облысының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылады. Мұнда әрбір баланың тынығып, жақсы демалуымен қатар олардың дүниетанымын байыту бағытында әртүрлі шаралар өткізіледі.

Қайрат Сұлтанов, «Сұңқар» балалар сауықтыру-кешенінің директоры:
- Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына біз балаларға Астана қаласына экскурсия жоспарлап отырмыз. Онда балғындар Бірінші Президент мұражайын көреді. Одан кейін Бурабайға да апарамыз. Онда қазақтың ұлы тұлғалары Абылай хан алаңы, Қарасай батыр кесенесі мен мұражайларды тамашалайды. Осының барлығы балаларға өткен тарихтан сыр шертіп, өскелең ұрпақты елін сүюге үйрететін шаралар деп ойлаймын.

«Хабар» Агенттігінің

Скачать репортаж

Ссылка на новость


22 июня 2011 Вернуться к новостям