Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратындағы (Б блогы) кеңсе үй-жайларын жалға алу

«Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратындағы (Б блогы) кеңсе үй-жайларын жалға алу


«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Астана қ., Д.Қонаев көшесі, 8-үй мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратындағы (Б блогы, бұдан әрі – Бизнес-орталық) кеңсе үй-жайларын жалға ұсынады.
Бизнес-орталық көптеген ірі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік мекемелер орын тепкен қаланың сол жақ жағалауындағы әкімшілік орталықта орналасқан. Ғимарат - барлық коммуникациялық ыңғайлылығы мен автокөліктерге арналған үлкен паркингі бар Астана қаласының ең биік 45 қабатты сәулет құрылысының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Бизнес-орталығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҚР КҰП», сондай-ақ басқа да ірі компаниялар өз қызметін жүзеге асыруда. Ғимаратта нотариус, асхана, кафетерий, рестобар, сұлулық салоны, полиграфия, «Медикер» медициналық орталығы, «Қазпошта» АҚ, банкоматтардың, төлем терминалдарының қызметтері ұсынылады.
 Кеңсе үй-жайының  1 ш.м. құны айына  ҚҚС-ты ескергенде  6 848 тг. құрайды.
Үй-жайларды жинау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындар жалға алу құнына енгізілген. Коммуналдық қызметтер мыналарды қамтиды: электр энергиясын беру, суық және ыстық су, жылу және қоқыс шығару.  Ғимарат - өрт қауіпсіздігінің тиісті режимін қамтамасыз ететін заманауи инженерлік-техникалық жүйелермен, соның ішінде,  бейне бақылау және кіруді бақылау мен басқару жүйесімен (турникеттерден жеке электрондық проксимити картасы арқылы өткізу) жабдықталған. Қызметкерлердің және келушілердің ғимараттың қабаттарына жеткізілуі үшін ол қазіргі заманғы жүрдек лифттің үш тобымен жабдықталған.
Ғимаратта тәулік бойы күзет қызметі, кезекші ауысымның мамандары бар техникалық диспетчерлік жұмыс істейді. Сервистік қызмет - жұмыс уақытында жалға алушыларға ағымдағы жөндеуді жүзеге асыруға қажетті қызметтер көрсетеді (ұсталар, сылақшылар және т.б.), жүк тиеу (жүк тасушылар).
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 97-41-94, 8 (7172) 97-41-98, 8 (7172) 79-78-85 телефондары арқылы хабарласып ақпарат алуыңызға болады.


19 Сәуір 2018 Жаңалықтарға оралу