Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Үздіктер анықталды

Үздіктер анықталды

    «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-да Серіктестіктің өндірістік қызметкерлері арасында сыл сайынғы кәсіби шеберлік байқауын өткізу және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсету саласындағы үздік мамандарды анықтау жақсы дәстүрге айналды.
Биылғы жылы елордамыз Астананың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Серіктестіктің өндірістік қызметкерлері арасында осымен бесінші рет «Үздік маман - 2018» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен басты міндеттері – бұл тәжірибе алмасу, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру және еңбек өнімділігінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге ынталандыру.
«Үздік маман - 2018» байқауы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Қабанбай батыр даңғылы, 19, әкімшілік ғимаратында әкімшілік ғимараттарды пайдалану жөніндегі департаменттің қызметкерлері арасында келесі үш номинация бойынша өткізілді:
- «Өндірістік және қызметтік жайлардың үздік тазалаушысы»,
- «Үздік электромонтер»,
-  «Үздік слесарь-сантехник».
Жарыстардың барысын объективті түрде қарастыру және байқаудың нәтижелерін қорытындылау мақсатында қазылар алқасы құрамына әрбір номинация бойынша Серіктестіктің басқа бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері шақырылды.
«Өндірістік және қызметтік жайлардың үздік тазалаушысы» номинациясы бойынша бағалауды және қорытындылауды келесі құрамдағы қазылар алқасы жүзеге асырды:
Қазылар алқасының төрағасы:
- Адами ресурстарды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары А.И. Сулейменова.
Қазылар алқасының мүшелері:
- Әкімшілік-ұйымдастыру жұмысы департаментінің бас менеджері  Г.Х. Хасанова.
- «ЗО» ӘҒПД ғимаратын техникалық пайдалану қызметінің менеджері Г.А. Нуралина.
«Үздік электромонтер» номинациясы бойынша бағалауды және қорытындылауды келесі құрамдағы қазылар алқасы жүзеге асырды:
Қазылар алқасының төрағасы:
- Бас инженер қызметінің бас инженері Х.А. Касимов.
Қазылар алқасының мүшелері:
- «ЗО» ӘҒПД ғимаратын техникалық пайдалану қызметінің бас менеджері С.С. Какимов.
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің ақылы қызмет көрсету шарты бойынша маманы А.И. Матюшин.
«Үздік слесарь-сантехник» номинациясы бойынша бағалауды және қорытындылауды келесі құрамдағы қазылар алқасы жүзеге асырды:
Қазылар алқасының төрағасы:
- «ЗО» ӘҒПД ғимаратын техникалық пайдалану қызметінің бастығы А.А. Бабкин.
Қазылар алқасының мүшелері:
- «ЗО» ӘҒПД ғимаратын техникалық пайдалану қызметінің бас менеджері А.Б. Олехнович.
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің менеджері Д.К. Абзалханов.
Байқау бағдарламасына сынақтама және өндірістік нысандарда тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы қатысушылардың теориялық білімдерін тексеру енгізілді. Қатысушылардың нәтижелерін бағалаудың негізгі критерийлері орындалған жұмыстардың саны мен сапасы, еңбектің білікті және қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін қолдану, теориялық дайындық деңгейі, қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу және ұстану және жұмыс орнында жоғары өндіріс мәдениеті болды.
Жарыс екі кезең бойынша өткізілді, баға 5 балдық жүйе бойынша қойылды.
Бірінші кезең сынақтама түрінде өткізілді.
Бұл ретте, әрбір қатысушы қауіпсіз жұмыс үшін еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің талаптары ескерілген қажетті теориялық дайындық пен өз білім деңгейлерін көрсетті. Барлық сұрақтар жылсайын тапсыратын техникалық минимум бағдарламасының шеңберінде дайындалды.
Екінші кезеңде қатысушылар тәжірибелік шеберліктері мен кәсіби дағдыларын  уақытқа жарысу арқылы көрсетулері керек еді.
«Өндірістік және қызметтік жайлардың үздік тазалаушысы» номинациясы бойынша қатысушылар терезелерді жуу, сонымен қатар тазалау технологиясын сақтай отырып және қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалану арқылы кеңсе жайларын тазалау бойынша  жоғары шеберліктерімен қуантты.
«Үздік электромонтер» номинациясында қатысушылар іске қосу-реттеу аппаратурасын пайдалана отырып, қысқа тұйықталған роторы бар үш фазалы асинхронды қозғалтқышты қосу схемасын үш фазалы электр желісіне құрастыруы тиіс еді.
«Үздік слесарь-сантехник» номинациясында қатысушылар араластырғышты жинақтау және орнату бойынша слесарлық жұмыстаржасады.
     Теориялық, практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесі мен жиналған балдар бойынша, қазылар алқасы қорытындысының негізінде шешім шығарылды және «Үздік маман – 2018» конкурсының келесі жеңімпаздары анықталды:
«Өндірістік және қызметтік жайлардың үздік тазалаушысы» номинациясы бойынша:
Бірінші орын - ӘҒПД жайларын жинау қызметінің  өндірістік және қызметтік жайлардың 2-разрядтағы тазалаушысы Райсова Жанар Адильбековна;
          Екінші орын - ӘҒПД жайларын жинау қызметінің  өндірістік және қызметтік жайлардың 2-разрядтағы тазалаушысы Батырбекова Сарсенгуль Ажибековна;
Үшінші орын - ӘҒПД жайларын жинау қызметінің  өндірістік және қызметтік жайлардың 2-разрядтағы тазалаушысы Асылбекова Айнаш Сериковна.
«Үздік электромонтер» номинациясы бойынша :
  Бірінші орын - ӘҒПД электртехникалық қызметінің электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-разрядты электромонтер Айтбаев Абай Мендыбаевич;
 Екінші орын - ӘҒПД электртехникалық қызметінің электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-разрядты электромонтер Мухамедьяров Нурлан Серикович;
Үшінші орын - ӘҒПД электртехникалық қызметінің электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-разрядты электромонтер Буксукбаев Аскар Анарбекович.

«Үздік слесарь-сантехник» номинациясы бойынша:
  Бірінші орын - ӘҒПД жылу техникалық қызметінің 4-разрядты слесарь-сантехнигы Абдраев Дулат Рыспаевич;
Екінші орын - ӘҒПД жылу техникалық қызметінің 4-разрядты слесарь-сантехнигы Гареев Шамиль Аглямович;
Үшінші орын -ӘҒПД жылу техникалық қызметінің 4-разрядты слесарь-сантехнигы Абдыкаримов Жанат Мауленович.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық үш номинацияда жүлделі орын алған қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар «Қазмұнайгаз-Сервис» ЖШС-ның Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарысқа қатысушыларды шақырылған қонақтар және Серіктестіктің басшылығы құттықтады: «Қазмұнайгаз-Сервис» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Б.Д. Мукушев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әкімшілік департаментінің өкілі А.М.Уразгалиев, сондай-ақ  әкімшілік ғимараттарды пайдалану жөніндегі департаментттің директоры М.М. Ниязбеков  және конкурстың қазылар алқасының мүшелері.
Әкімшілік ғимараттарды пайдалану жөніндегі департамент қызметкерлерінің күшімен мерекелік залды безендіру ұйымдастырылды. Сондай-ақ, конкурстың ұйымдастырылуы, қатысушылардың жоғары кәсібилілігі, басқа департамент қызметкерлерінің қатысушыларды жоғары қолдауы қазылар алқасы мүшелерінің және шақырылған қонақтардың жоғары бағасын алды.
Жеңімпаздардың өз әріптестеріне үлгі болары сөзсіз, ал  «Үздік маман»   кәсіби шеберлердің дәстүрлі конкурсы тәжірибе алмасуға, ұжымның нығаюына және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға себепші болады.

 

     

    


25 Маусым 2018 Жаңалықтарға оралу