Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

О М Б У Д С М Е Н

О  М Б У Д С М Е Н
 
Омбудсмен – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) Директорлар Кеңесіне есепті, жоғары деңгейдегі тәуелсіз менеджер.
ҚМГ компаниялары тобының құрамына кіретіндердің ішінде жетекшілік ететін компанияларының саны 165-тен астам.


 Омбудсмен қызметінің аясы:

1.    қайшылық оқиғасының ресми тексерілу дәрежесіне дейін өршуінің алдын алуға, сол арқылы Компанияның лайықты беделі мен имиджін сақтауға, соттық қуынымдарға кететін шығындарды азайтуға ықпал етеді;
2.    өзіне мәлім болған ақпараттың құпиялылығын сақтауды, өз құқықтары мен ҚМГ Іскерлік этика кодексі (бұдан әрі - Кодекс) ережесінің бұзылу фактілері бойынша өтініш білдірген қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың жасырын/белгісіз болуын қамтамасыз етеді;
3.    Кодексті бұзу мәселелері бойынша дауларды қарау рәсімдерін жүргізу кезеңінде қызметкерлердің (еңбек заңнамасы шеңберінде) қорғалуын қамтамасыз етеді;
4.    тең қарым-қатынас қағидатының сақталуына және кез келген түрдегі кемсітушіліктің алдын алуға ықпал жасайды.

 Омбудсмен атқаратын негізгі функциялар:

1.    Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік этика кодексі қағидаттарының сақталуын ескере отырып, жүгінген жұмысшыларға, еңбек дауларына, қайшылықтарға қатысушыларға кеңес  беру және өзара тиімді, конструктивті және жүзеге асырылатын шешімдерге келуге ықпал ету;
2.    дауласушы тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуіне көмектесу мақсатында объективтілік, құпиялық, тәуелсіздік және бейтараптық ұстанымдарын бұлжытпай сақтау арқылы кеңес беруші, келіссөз жүргізуші, медиатор немесе қайшылық шешуші тұлға ролінде шыға алады;
3.    жүйелік сипатқа ие және тиісті шешімдердің (кешенді шаралардың) қабылдануын талап ететін, айқындалған проблемалық мәселелерді ҚМГ тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларының қарауына шығарады,  оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстар береді.

Ақпарат ҚМГ Директорлар Кеңесінің шешімдерімен бекетіліген ҚМГ Іскерлік этика кодексі және Омбудсмені туралы ереженің негізінде жасалған.


Еңбек құқықтарыңыздың бұзылуына қатысты туындаған барлық сұрақтарыңыз бойынша ҚМГ Омбудсмені офисіне  э-почта:ombudsman@kmg.kz  және  8-7172-786560  нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.

 


10 Шілде 2018 Жаңалықтарға оралу