Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Астана қ., Д.Қонаев көш., 8-үй (Б блогы) мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратының автокөлік паркингінің жалға берілетіндігі туралы хабарлайды.

Ақпараттық хабарлама
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Астана қ., Д.Қонаев көш., 8-үй (Б блогы) мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратының  автокөлік паркингінің жалға берілетіндігі туралы хабарлайды.
Автокөлік паркингі «Зүбаржат орамы» ғимаратының тұғырбет бөлігіндегі сегіз деңгейлі жабық құрылыс болып табылады және оның 3 кіре берісі бар: негізгісі Нұр-Жол бульварынан, жоғарғы деңгейден (пандус), бүйір жақтан (VIP-кіру). Барлық кіре берістер автоматты қақпалармен жабдықталған, сондай-ақ ішкі оқшауланған VIP-паркинг те автоматты қақпалармен жабдықталған.
Паркинг - барлық деңгейлерді біріктіретін және паркингтің шартты орталық осінен қарама-қарсы бағытта орналасқан 3 жолаушы лифтілерімен,  сондай-ақ жеке VIP-лифтімен жабдықталған. Ғимараттағы компаниялар қызметкерлерінің ғимаратқа енуі үшін паркинг аумағында бірінші қабат холлының деңгейінде «Зүбаржат орамы»  ғимаратына негізгі кіру бар.
Паркингтің негізгі және жоғарғы кіре берістері тиісті деректер базасына енгізілген автокөліктерді автоматты режимде кіргізуге мүмкіндік беретін,  мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді автоматты түрде ажырату жүйесімен жабдықталған.
 Жабық автокөлік паркингінде 721 тұрақ орны бар, сондай-ақ паркинг пандусында 57 тұрақ орны бар.
Паркинг автоматты өрт сөндіру (спринклерлі өрт сөндіру), түтінді аластау (JET-желдету), жарықтандыру және басқа инженерлік жүйелермен жабдықталған.
Жалға берілетін мүлік (паркинг) «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ға меншік құқығында тиесілі және кепілдік міндеттемелері жоқ.
Әлеуетті жалға алушы:
-паркингтің оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын,
-паркинг аумағын тәулік бойы күзетілуін,
-паркинг аумағын және онда орналасқан инженерлік техникалық жүйелердің апатсыз және тиісті режимде жұмыс істеуін,
-жеке және заңды тұлғалардың тұрақ орындарын жалға алуы бойынша қолданыстағы баға саясатының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Паркингтің әлеуетті жалға алушысы 2019 жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС мекенжайына паркинг аумағында көрсетілетін қызметтер спектрі мен оның сапасын ықтимал жақсарту бойынша жоспар жөніндегі ақпаратты қамтитын тиісті баға ұсынысын беруі қажет. Сонымен қатар паркингтің әлеуетті жалға алушысы жұмыс тәжірибесі, өзінің төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы және басқа да көрсеткіштері көрсетілген өз компаниясының сипаттамасын (портфолио) ұсынуы тиіс.
Толық ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша жүгінуіңізге болады: Астана қ., Д.Қонаев көш., 8-үй «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты (Б блогы) «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратын пайдалану жөніндегі департаменті тел. (7172) 79-77-41, 97-41-94, 79-78-85. Эл. адрес: m.utepov@kmg-service.kz, a.akchina@kmg-service.kz.

 


21 Қаңтар 2019 Жаңалықтарға оралу