«Үздік маман» конкурсы
Серіктесті көрсететін сервистік қызметтердің бірі әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына кешенді қызмет көрсету болып табылады. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қызметін жетілдіруді ынталандыру мақсатында ғимараттарға қызмет көрсету департаменті «Үздік маман» конкурсын өткізді, оған үй-жайларды жинаушылар қытасты.
Конкурсты жүргізуші М.С.Серғазина қонақтар мен жюри мүшелерін конкурс шарттарымен таныстырып, сайыстарды бастады.
Жанкүерлер конкурс бойы конкурсқа қатысушыларды қолдап отырды.
Сәлемдесу конкурсы
Қатысушылар кезекпен зал ортасына шығып, бір-бірін, жюри мен жанкүерлерді өздері жазған ән-өлеңмен қарсы алады.
2-ші конкурс. «Офистік жиһазды сапалы және жедел тазалау».
Конкурсқа қатысушылар офистік жиһазды сапалы және жылдам жинаулары тиіс. Алдын ала ластанған үстелдер, оған жасырын тұстарда жабысқан скотч пен сағыз табылып жойылуы тиіс. Бұл жарыста жеңімпазды таңдау айқындау оңайға түстпеді, көбі бұл тапсырманы «беске» тапсырды.
3-ші конкурс. «Кабинетті тазалау технологиясы тесті» және 4-ші конкурс «Санитарлық тораптарды тазалау технологиясы тесті».
Бұл жарыста тест өткізілді. Кабинет пен санитарлық тораптарды жинау технологиясының іс-қимылдарын реті бойынша атау қажет болды. Бұл ретте де қатысушылар тестті бөлінген уақыттан бұрын өткізді.
Қорытындылар шығарылғаннан кейін, жюри нәтижелерді жариялады.
Құрмет грамотасымен наградталған қатысушылар:
Ходенова Кәмшат, Тлебалдиева Ұлжалғас, Қаленова Айсұлу, Анарова Раушан, Оразбекова Майра.
Конкурс жеңімпаздары үш номинацияда құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен наградталды:
Мисс Профессионализм – Бекбергенова Бағдагүл
Мисс Оперативность – Жүкенова Күлпан
Мисс Технология – Ахметшина Руфина
22 Желтоксан 2011 Жаңалықтарға оралу