Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еңбек ұжымдары мен еншілес тәуелді ұйымдарының 1-ші спартакиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы есеп

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС жасалған шарттарды орындау мақсатында 2012 жылғы мамырдың 1-інен 7-сіне дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еңбек ұжымдары мен еншілес тәуелді ұйымдарының 1-ші спартакиадасын (бұдан әрі – Спартакиада) ұйымдастырып, өткізді. Бұл жарысқа: «Эмбімұнайгаз» ӨФ (Атырау),  «Өзенмұнайгаз» ӨФ (Жаңаөзен), «Қаражанбасмұнай» АҚ қтау),  ҚМГ БӨ АҚ еншілес ұйымдарынан (Жаңаөзен), «Қазгермұнай» БК ЖШС (Қызылорда), «УТТ және ОС» ЖШС  қтау), «Инженерлік орталық»  орталық аппараты мен филиалдарынан (Астана/Ақтау)  шамамен 350 спортшы спорттың  10 түрі: мини-футбол, әйелдер мен ерлер арасындағы баскетбол, волейбол, әйелдер мен ерлер арасындағы үстел теннисі, әйелдер мен ерлер арасындағы жүзу, шахмат мен  тоғыз-құмалақ, эстафета, қазақша күрес,  қанат тарту бойынша жарыстарға  қатысты және қосымша Презиеднт тестін ұйымдастыру тапсырылды (2,4 км жүгіру). Жарыс Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда (президент тесті), «Дәулет» ұлттық теннис орталығында (ашу рәсімі және қанат тарту),  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спорт залында (баскетбол) және «Алатау» спорт кешенінде өткізілді.


Спартакиады өткізу нәтижесі бойынша 1 жалпы командалық орынды «Өзенмұнайгаз» ӨФ спортшылары, 2 және 3 орынды ҚМГ БӨ АҚ еншілес ұйымдары және «Қазгермұнай» БК ЖШС командалары алды.


Спартакиаданы өткізу барысында біздің қызметкерлер: жарыс регламентін әзірледі, төрешілік ұйымдастырып, оған тікелей қатысты, жарысқа қатысушыларды әуежайдан күтіп, шығарып салды, оларды қонақүйге орналастырды, қаланы аралатты, тұратын және жарыс өткізілген жерде тамақтандыруды ұйымдастырдыспорт мүкәммалын, кубоктарды, медальдарды, диплом, бағалы сыйлықтарды ұсынды,  іс-шара өткізілген жерді жалға алып, безендірді, спартакиаданы ашу және жабу рәсімін өткізді, салтанатты кешкі асты, жарық-дыбыспен қамтамасыз етуді, көлік қызметін  ұйымдастырды. Спартакиаданы дайындау және ұйымдастыру барысында қатысушылар спортта ғана жарысқан жоқ, оларға күн сайын мәдени бағдарлама әзірленді: Конгресс-холлдағы «Базар жок» концерті,  Ақмол ауылындағы «АЛЖИР»  саяси репрессиялар мен тоталитаризм тарих мұражайына, «Байтерек» монументіне,  Бейбітшілік және келісім сарайына, «Думан» ОО, «Хан –Шатыр» СОО барды,  қала бойынша автобус экскурсиялары.


Бұл іс-шара жоғары сапалы деңгейде және ресми жарыс өткізу хаттамасына сәйкес өткізілді. Жарыстарға қатысушылар өткізілген іс-шараның сапасына толық қанағат екендерін айтты. Серіктестік үлкен жұмыс атқарып, мұнайшылыр ұжымдары арасында осындай спорт жарыстарын жыл сайын өткізуге жол ашты.


16 Мамыр 2012 Жаңалықтарға оралу