Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«Сұңқар» сауықтыру кешені бірінші ауысымды қабылдауда

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС жыл сайын, «Көкшетау» ұлттық паркі аумағында орналасқан  «Сұңқар» сауықтыру кешенінің базасында жазғы демалыс кезеңі ішінде балаларға арналған тақырыптық семестр өткізеді. 
Биыл бірінші маусымға еліміздің батыс өңірлерінен (Жаңаөзен, Атырау, Ақтау, Ақтөбе) шамамен 300 бала қатысты. Негізінен ол «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары. ҚМГ БӨ өз қызметкерлері балаларының лагерьде демалуы  үшін  жыл сайын жолдамалардың толық құнын төлеп отыр. Биыл «Сұңқарда» Жаңаөзен және Атырау облысынан 1200 астам балалар демалады. Компания олардың демалысына шамамен 150 млн.теңге жұмсайды.

Биыл жазғы семестр тақырыбы «ҚазМұнайГаз» АҚ 10 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.  Лагерьде болған уақыт ішінде балалар қазақстан мұнайының тарихымен, сала ардагерлерімен танысып, өздерінің экологиялық жауапкершілік деңгейін арттырады.

Жазғы маусым бағдарламасына жеке және ұжымдық жауапкершілік, еңбексүйгіштік және көсемдік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге әсер ететін танымдық ойындар, викториналар, командалық ойындар кіреді.
Семестр ішінде балаларды жетекшілер, медициналық қызметкерлер мен Зеренді филиалының әкімшілері қадағалап, бағады. Балалардық қауіпсіздігі мәселесіне үлкен назар аударылған – кешен аумағын мамандандырылған қорғау мекемесінің күштері қорғайды.

Балалар жеке-жеке  тұрғын корпустарында тұрады, әрбір номерде санитарлық торап, душ кабиналары бар.  Кешен аумағында таза ауада баскетбол, волейбол, футбол ойнауға арналған спорт алаңдары бар. Бұдан басқа, «Сұңқар»  СК ауамығнда 2 бассейн (балалар мен ересектерге арналған), спорт, тренажер, диско және кино залдары бар.

Маусым ішінде түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Онда балалар халықтық қолданбалы шығармашылық түрлерін игере алады.

Сондай-ақ балалар үшін Көкшетау қаласына, қала мұражайына  шолу экскурсиялары, Борабай қаласына, Абылай хан алаңына мен Табиғат мұражайына  экскурсиялар және «Көкшетау» ұлттық паркінің маңына жаяу сапарлар ұйымдастырылады.
2012 жылғы 7 маусымда өткізілген бірінші маусымның ашылуына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, Зеренді ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Әскери теміржол күзеті» АҚ төрағасы және БАҚ қатысты.

Пдеагогикалық құрамды, оның ішінде 35 адам санында жетекшілер, үйлестірушілер, хореограф, инструкторларды биыл Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасына ұйымдастырылған Көкшетаулық «Әлем» педотряды ұсынды.
Алғаш рет жазғы семестр шеңберінде «Сұңқарда» балалар демалысын ұйымдастыру жобасы 2000 жылы іске асырылған. Нәтижесінде, лагерь жұмысының  12 жылы ішінде онда 15 мыңнан астам бала демалып, сауықтырылды.

Биылғы жазғы семестр 15 күннен 6 маусымға бөлінді.


12 Маусым 2012 Жаңалықтарға оралу