Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов балаларды «Сұңқардағы» екінші маусымның ашылуымен құттықтады
Өзенмұнайгаз ӨФ (Жаңаөзен қаласы), Инженерлік орталық (Ақтау), «АМӨЗ» ЖШС (Атырау), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе) қызметкерлері балаларының екінші демалыс маусымы басталды. Демалыс 17 маусымнан 30 маусымға дейін жалғасады, бұл уақыт ішінде 307 бала сауықтырылып, келесі оқу жылына күш жинайды, Зеренді курорт аймағының пәк ауасына бөленді.
«Сұңқар» сауықтыру кешеніндегі (СК) кезекті маусымның ашылуы 20 маусымда өтті. Таңертеңнен балалар ашу рәсіміне дайындалып, концерттік номерлер мен речевкаларды жаттап, ән айтып жатты. Тойдың боларынан, боладысы қызық дегендей, үлкені де кішісі де абыр-сабыр болды. Оның бір себебі – қонаққа Ермахан Ыбрайымовтың өзі келмек (бокстан олимпиадалық чемпион, Сидней, 2000ж).
Маусымның ашылуы есте қалардай қызықты болды. Концерттің соңында вожатыйлар - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері өнер көрсетті.
Ермахан Ыбрайымовтың «ҚазМұнайГаз қолдауымен жасалған осы керемет ортада демалған кезде спортты ұмытпаңдар, ол үшін барлық жағдай жасалған» деген сөзін балалар ду қол шапалақтап қарсы алды.
«Компанияның әлеуметтік қызметінің бірден бір басым бағыты - балалар. Мүмкіндігінше қызметкерлеріміздің балаларына демалыс ұйымдастырып, балалар үйлерін қолдаймыз, оқыту жобаларын жүзеге асырудамыз. Балалар – ел болашағы, оларға жасалған инвестициялар құнсыз және ұзақ мерзімді перспективада өте тиімді болады» деді ҚМГ АҚ әлеуметтік қолдау департаментінің директоры Әлибай Құсайынов.
«Сұңқар» СК директоры Болат Ескеновтың айтуынша бірінші маусым ойдағыдай аяқталды. Күні-түні балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді – кешен аумағын қорғауды мамандандырылған күзет ведомстволары қамтамасыз етті. Бірінші маусым «Диснейленд» тақырыбында өтті.
Екінші маусым «Гламур» тақырыбында өтпек.
|