АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС келесі объектіні сату бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды:
- Астана қ., «Есіл» ауданы, Пригородный тұрғын алқабы мекенжайында орналасқан 1,162 га жер учаскесі (кадастрлық нөмірі - 21-320-054-171), учаскенің мақсатты падаланылуы – автосалон салу.
Аукцион 2013 жылғы 22 шілдеде сағат 16-00-де Астана қ., Республика даңғ., 32-үй, 403-каб. мекенжайында өтеді.
Жер учаскесін сатудың бастапқы бағасы – 57 233 173 теңге.
Бағаны ұлғайту қадамы – 570 000 теңге.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеу және қатысу өтінімін беру аукцион өтетін күнге 3 күн кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Астаналық өңірлік филиалындағы есеп айырысу шотына енгізіледі, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ616010111000003602, БСН 990440000296, СТН 620200002179.
Өзімен бірге: жеке басын куәландыратын құжат, аукционға қатысу үшін сенімхат, кепілдік жарнаны төлегендігін растайтын құжат болуы тиіс.
Аукционды өткізу мәселелері бойынша 8 (7172) 97 98 57 телефонына хабарласуға болады.
21 Маусым 2013 Жаңалықтарға оралу