Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС келесі объектіні сату бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды:

- Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ., Юнусабад ауданы, А.Темур көш., №99А мекенжайында орналасқан 2 800 ш.м. жер учаскесіндегі жалпы ауданы 2 105 ш.м. бизнес-орталық, сатудың бастапқы бағасы 347 628 246 теңге;

Аукцион 2013 жылғы 15 шілдеде сағат 15-00-де Астана қ., Республика даңғ., 32-үй, 403-каб. мекенжайында өтеді.

Бағаны ұлғайту қадамы – 3 000 000 теңге.

Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеу және қатысу өтінімін беру аукцион өтетін күнге 3 күн кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Астаналық өңірлік филиалындағы есеп айырысу шотына енгізіледі, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ616010111000003602, БСН 990440000296, СТН 620200002179.

Өзімен бірге: жеке басын куәландыратын құжат, аукционға қатысу үшін сенімхат, кепілдік жарнаны төлегендігін растайтын құжат болуы тиіс.

Аукционды өткізу мәселелері бойынша 8 (7172) 97 98 57 телефонына хабарласуға болады.


21 Маусым 2013 Жаңалықтарға оралу