Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС келесі объектілерді сату бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС келесі объектілерді сату бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды:
- Астана қ., «Есіл» ауданы, Пригородный тұрғын алқабы мекенжайында орналасқан 1,162 га жер учаскесі (кадастрлық нөмірі - 21-320-054-171), учаскенің мақсатты падаланылуы – автосалон салу.
1) жер учаскесін сатудың бастапқы бағасы – 57 233 173 теңге.
2) бағаны өсіру қадамы – 570 000 теңге.
3) кепілдік жарна - бастапқы бағаның 5%-ы мөлшерінде.
- Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ., Юнусабад ауданы, А.Темур көш., №99А мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 2 105 ш.м. бизнес-орталық,
1) бизнес-орталықты сатудың бастапқы бағасы 347 628 246 теңге;
2) бағаны өсіру қадамы – 3 000 000 теңге;
3) кепілдік жарна - бастапқы бағаның 5%-ы мөлшерінде.
- Тараз қаласы Сүлейманов көш., 7 мекенжайында орналасқан «Газовик» қонақүйі мүлкімен (о.і. 0,1566 га жер учаскесі):
1) «Газовик» қонақүйін сатудың бастапқы бағасы 123 869 546 теңге;
2) бағаны өсіру қадамы – 1 000 000 теңге;
3) кепілдік жарна - бастапқы бағаның 5%-ы мөлшерінде.
Аукцион 2013 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15-00-де Астана қ., Республика даңғ., 32-үй, 403-каб. мекенжайында өтеді.
Кепілдік жарнаны төлеу және қатысу өтінімін беру аукцион өтетін күнге 3 күн кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Астаналық өңірлік филиалындағы есеп айырысу шотына енгізіледі, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ616010111000003602, БСН 990440000296, СТН 620200002179.
Өзімен бірге: жеке басын куәландыратын құжат, аукционға қатысу үшін сенімхат, кепілдік жарнаны төлегендігін растайтын құжат болуы тиіс.
Аукционды өткізу мәселелері бойынша 8 (7172) 97 98 57, 97 98 37 телефондарына хабарласуға болады.


04 Қыркүйек 2013 Жаңалықтарға оралу