«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Түркия Республикасы, Стамбул қ. орналасқан «Aysir Turizm ve Insaat A.S» акционерлік компаниясының 75% акция пакетін сату туралы хабарлайды.
Ақпараттық хабарлама
«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Түркия Республикасы, Стамбул қ. орналасқан «Aysir Turizm ve Insaat A.S» акционерлік компаниясының 75% акция пакетін сату туралы хабарлайды.
«Aysir Turizm ve Insaat A.S.» АК активтер құрылымына Bodrum қаласындағы бес жұлдызды «Kempinski Hotel Barbaros Bay» қонақүйі кіреді.
«Kempinski Hotel Barbaros Bay» қонақүйінің жалпы ауданы – 60 000 ш.м., оған 173 апартамент, 36 жеке резиденция және Түркия Республикасының мемлекеттік қазынасынан 49 жылға жалға алынған «Kempinski Hotel Barbaros Bay» қонақүйі орналасқан жер учаскесі кіреді.
Сату әдісі - ашық тендер.
Сату бағасы (бастапқа бағасы) – 50 031 000 АҚШ доллары, тендер өткізу күніндегі теңге бағамы бойынша;
Кепілдеме жарнасы-бастапқы бағаның 5%-ы «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС есепайырысу шотына аударылады, «Қазақстан халық банкі» АҚ-тың Астаналық аймақтық филиалы, БСК HSBKKZKX, ЖСК Z616010111000003602 БСН 990440000296 СТТН 620 200 002 179.
Тендерлік ұсыныстар салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты - 010000, Казақстан Республикасы, Астана қ., Республика даңғ. 32, каб. 403, 2013 жылғы 25 қараша, 15 сағат 30 минут.
Тендерлік ұсыныстарды ұсыну орны және ұсынудың соңғы күні - 010000, Казақстан Республикасы, Астана қ., Республика даңғ. 32, каб. 403, 2013 жылғы 22 қараша, сағат 18.30-ға дейін (жеке бас куәлігі, тендерге қатысу үшін сенімхат, төленген кепілдік жарнаны растайтын құжат болу қажет).
Тендерді өткізу, тендерлік құжаттамаларды алу мәселесі бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: +7 7172 97 98 81, +7 7172 97 98 37.
30 Қазан 2013 Жаңалықтарға оралу