«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл облысы, Ыстықкөл ауданы, Бает ауылы, «Ақ-Марал» демалыс орталығы мекенжайында тіркелген «Алтын Толқын» ЖШҚ жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін ағылшын әдісімен аукцион өткізу арқылы сататындығ
«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл облысы, Ыстықкөл ауданы, Бает ауылы, «Ақ-Марал» демалыс орталығы мекенжайында тіркелген «Алтын Толқын» ЖШҚ жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін ағылшын әдісімен аукцион өткізу арқылы сататындығын хабарлайды.
«Алтын Толқын» ЖШҚ активтер құрылымында 2006 жылы салынған «Ақ-Марал» демалыс орталығы, 92 бөлме, демалыс орталығының жалпы ауданы 132 721,4 ш.м., жалпы ауданы 132 722 ш.м. жер учаскесінде орналасқан.
«Алтын Толқын» ЖШҚ-ны сатудың бастапқы бағасы 1 253 715 000 теңге;
1) Бағаны ұлғайту қадамы – 12 500 000 теңге.
2) Кепілдік жарна - бастапқы бағаның 5%-ы
Аукцион 2013 жылғы 13 желтоқсанда сағат 12-00-де Астана қ., Республика даңғ., 32-үй, 403-каб. мекенжайында өтеді.
Кепілдік жарнаны төлеу және қатысуға өтінім беру аукцион өтетін күнге 3 күн кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Астаналық өңірлік филиалындағы есеп айырысу шотына енгізіледі, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ616010111000003602, БСН 990440000296, СТН 620200002179.
Өзімен бірге: жеке басын куәландыратын құжат, аукционға қатысу үшін сенімхат, кепілдік жарнаны төлегендігін растайтын құжат болуы тиіс.
Аукционды өткізу мәселелері бойынша 8 (7172) 97 98 57, 97 98 37 телефондарына хабарласуға болады.
22 Қараша 2013 Жаңалықтарға оралу