Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС 2014 жылғы 24 ақпаннан бастап 1 наурыз аралығында 9 қатысушы-мемлекеттің қатысуымен халықаралық жарыстарды, атап айтқанда, Алматы қ., «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында Халықаралық теміржолшы-спортшылар одағының (USIC) ХІХ чем

Жарыстарға Чехия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Швейцария, Бельгия, Болгария және Қазақстан командалары қатысты. USIC – 1947 жылы Флоренцияда (Италия) өткен теміржолшы-спортшылардың екінші Еуропа конгресінде құрылған бірегей салалық спорттық бірлестік. Негізгі мақсаты – әр түрлі елдердің теміржолшылары арасында спорттық қозғалысты қолдау, салалық спорттық бауырластықты нығайту, ең күрделі және жауапты кәсіп иелерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазіргі күні бұл бірлестікке 25 ел кіреді, оның ішінде бүкіл еуропалық елдер мен Индия. Жарыстар төрт жылда бір рет өткізіледі және биылғы жылы бұл жарыстарды өткізу құрметі Қазақстан Республикасына бұйырды, ал оны ұйымдастырып, өткізу біздің кәсіпорынға сеніп тапсырылды. Аса құрметті қонақтар, оның ішінде USIC Президенті Дэвид Франкс және USIC құрметті мүшесі Жозеф Зедер чемпионатты өткізудің кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.

 

 

 


16 Сәуір 2014 Жаңалықтарға оралу