«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ға «Сала көшбасшысы - 2015» жоғары атағы берілді
«Ұлттық бизнес-рейтинг» халықаралық ұйымдастырушылық комитетінің шешімі бойынша «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ға өткен кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы - 2015» құрметті атағы берілді.
Ұлттық бизнес-рейтинг – тек қана мемлекеттік статистиканың ресми деректері негізінде Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын ТМД елдерінде кеңінен белгілі кешенді халықаралық жоба.
Серіктестікте көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілетіндігін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына кешенді қызмет көрсету, тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, көліктік және сауықтыру кешендерінің қызметтерін көрсету саласындағы халықаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілді және сертификатталды.
Кәсіпорынды статистикалық саралау негізінде Ұлттық бизнес-рейтингінің ТОП-тізбесіне қосу және «Сала көшбасшысы - 2015» жоғары атақпен марапаттау Серіктестіктің ірі ұжымы жұмысының жоғары нәтижелерін көрсетеді.
14 Наурыз 2016 Жаңалықтарға оралу