Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Yздiк маман» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 «Yздiк маман» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС өндірістік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қызметкерлерді ынталандыру мақсатында сантехник-слесарь, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтерлер, тазалаушылар арасында  «Үздік маман - 2016» конкурсын өткізді.
Астанамыздың ең биік ғимараттарының бірі «Зүбаржат орамы»  (блок Б) бизнес-орталығында өткізілген конкурсқа өндірістік департаменттердің және Серіктестіктің барлық филиалының командалары қатысты.
Жарыс екі кезең бойынша өткізілді. Бұл ретте, баға 5 балдық жүйе бойынша бағаланды. Қазылар алқасы негізгі критерий ретінде жұмыстың орындалу жылдамдығын және сапасын бағалады.
Бірінші кезең сынақтама түрінде өткізілді. Әрбір қатысушы қауіпсіз жұмыс үшін еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің талаптары ескерілген қажетті теориялық дайындық пен өз білім деңгейлерін көрсетті. Барлық сұрақтар жылсайын тапсыратын техникалық минимум бағдарламасының шеңберінде дайындалды.
Екінші кезеңде қатысушылар тәжірибелік шеберліктері мен білік-дағдыларын сынады.
Соның ішінде сантехниктер пластик құбырларды дәнекерледі, муфта тораптарын бөлшектеу-жинауды көрсетті, ал электрмонтерлер  іске қосу- реттеуіш аппаратураларды пайдалана отырып, қысқа тұйықтағыш ротормен бірге үш фазалы бейсинхронды двигательді үш фазалы электр желісіне реверсті қосудың нобайын құрады.
Ал «Кәсіби тазалау шебері» номинациясы бойынша қатысушылар терезелерді жуу, сонымен қатар тазалау технологиясын сақтай отырып және қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалану арқылы кеңсе жайларын тазалау бойынша  жоғары шеберліктерімен қуантты.
«Үздік маман-2016» конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік слесарь-сантехник» номинациясы бойынша қазылар алқасының қорытындысы негізінде келесі шешімдер қабылданды:
- бірінші орын- Жукенов Бекзат Каленұлы – «Зүбаржат орамы» ғимаратын пайдалану жөніндегі департаменттің слесарь-сантехнигі;
-екінші орын– Оспанов Қайрат Қабылбекұлы – Павлодар қ. филиалдың слесарь-сантехнигі;
- үшінші орын- Кондрашов Николай Александрович – Атырау қ. филиалдың слесарь-сантехнигі;

«Үздік электромонтер» номинациясы бойынша жүлделі орындар:
-  бірінші орын – Ким Станислав Владимирович- Атырау қ. филиалдың электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;

-екінші орын– Файзулин Жасұлан Мағжанұлы, Зеренді филиалының электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;
-үшінші орын – Дробашко Виталий Анатольевич, Павлодар қ. филиалдың электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;
«Кәсіби тазалау шебері» номинациясы бойынша қазылар алқасы жарыс қорытындысын қызу қол шапалақтаумен жариялады:
-бірінші орын– Толендина Гаухар Аманжолқызы- «Зүбаржат орамы» ғимаратын пайдалану жөніндегі департаменттің тазалаушысы;
-екінші орын– Абильдина Гулим Ертореқызы- әкімшілік ғимараттарды пайдалану жөніндегі департаменттің тазалаушысы;
-үшінші орын – Нигметова Күлаш Кайдарқызы, Атырау қ. филиалдың тазалаушысы.
Жарысқа қатысушыларды шақырылған қонақтар - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың өкілдері, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС басшылығы құттықтады.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен бәйгелер табыс етілді. Сонымен қатар, жүлделі орын иеленушілеріне қосымша ақы төленеді.
Жеңімпаздардың өз ұжымдастарына үлгі болары сөзсіз, ал  «Үздік маман»   кәсіби шеберлердің дәстүрлі конкурсы тәжірибе алмасуға, ұжымның нығаюына және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға себепші болады.

 


05 Шілде 2016 Жаңалықтарға оралу