Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Астана қ., Д.Қонаев көш., 8 мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратының (Б блогы) автомобиль паркингісі ұзақ мерзімді (үш жылдық кезеңге) негізде жалға берілетіндігі туралы хабарлайды.

Ақпараттық хабарлама


«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Астана қ., Д.Қонаев көш., 8 мекенжайында орналасқан «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратының (Б блогы) автомобиль паркингісі ұзақ мерзімді (үш жылдық кезеңге) негізде жалға берілетіндігі туралы хабарлайды.
Автомобиль паркингісі «Зүбаржат орамы» (Б блогы) ғимаратының стилобатты бөлігіндегі сегіз деңгейлі жабық құрылыс болып табылады, 3 кіре берісі бар: Нұр-Жол бульвары жағынан негізгі кіре беріс, жоғарғы деңгейдегі (пандус) кіре беріс, бүйір жағындағы кіре беріс (VIP-кіре беріс). Барлық кіре берістер автоматты қақпалармен жабдықталған, сондай-ақ автоматты қақпалармен ішкі жекеленген VIP-паркингі де жабдықталған.
Паркингіде оның барлық қабаттарын біріктіретін және паркингінің шартты орталық осінен қарама қарсы бағыттарда орналасқан 3 жолаушылар лифтілері бар. Бұл ретте лифтілердің біреуі «Зүбаржат орамы» ғимаратының тікелей 1 және 2-қабаттарына тасымалдайды. Сондай-ақ VIP-паркинг жолаушыларды ғимараттың барлық қабаттарына тасымалдайтын жеке VIP-лифтімен жабдықталған. Паркингінің аумағынан ғимаратта орналасқан компаниялардың қызметкерлері ғимаратқа өтулеріне арналған бірінші қабат холлының деңгейінде орналасқан «Зүбаржат орамы» ғимаратына кіретін негізгі есік бар.
Паркингінің негізгі және жоғарғы кіре берістері тиісті дерекқорға енгізілген автомобильдерді кіргізуге автоматты режимде мүмкіндік беретін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесімен жабдықталған.
Жабық автомобиль паркингісінде 719 көлік қоятын орын бар, сондай-ақ паркингінің пандусында 57 көлік қоятын орын бар. Паркингінің аумағын мамандандырылған күзет ұйымы тәулік бойы күзетеді.
Паркинг автоматты өрт сөндіру (спринклерлі өрт сөндіру), түтінді жою (JET-желдету), жарықтандыру және басқа инженерлік жүйелермен жабдықталған.
Жалға берілетін мүлік (паркинг) «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның меншік құқығына тиесілі және кепілді міндеттемелер ауыртпалығына түспеген.
Ықтимал жалға алушы төмендегілерді қамтамасыз етуге міндетті:
- паркингіні оның нысаналы мақсатына сай пайдалану;
- паркингінің аумағын, оның ішінде жеке VIP-паркингіні тәулік бойы күзету;
- онда орналасқан инженерлік техникалық жүйелердің апатсыз және тиісті режимде жұмыс істеуі;
- жеке және заңды тұлғалардың көлік қою орындарын жалға алуларына қатысты қазіргі баға саясатын сақтау.
Паркингіні ықтимал жалға алушы 2016.20.10. дейін «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ға ықтимал жалға алушының паркинг аумағында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және ұсынылатын қызметтердің ауқымын кеңейту мақсатында міндетті түрде паркингінің жұмысына салатын инвестициялары туралы ақпаратты қамтитын тиісті баға ұсынысын ұсынуға тиіс. Сонымен қатар паркингіні ықтимал жалға алушы жұмыс тәжірибесін, қаржылық тұрақтылықты және басқа көрсеткіштерді көрсете отырып, өз компаниясының сипаттамасын (портфолио) ұсынуға тиіс.
Нақты ақпаратты алу үшін Астана қ., Д.Қонаев көш., 8, «Зүбаржат орамы» (Б блогы) мекенжайы бойынша «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның «Зүбаржат орамы» ғимаратын пайдалану жөніндегі департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел. (7172) 97-41-94, 97-41-98, 79-78-85, 79-77-58. Эл. мекенжай: m.utepov@kmg-service.kz, r.zhanadilov@kmg-service.kz.


13 Қазан 2016 Жаңалықтарға оралу