Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС «Сұңқар» сауықтыру кешенін (Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді с.) ұзақ мерзімді негізде (үш жылға) жалға тапсыратынын хабарлайды.

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС  «Сұңқар» сауықтыру кешенін (Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді с.) ұзақ мерзімді негізде (үш жылға) жалға тапсыратынын хабарлайды.
Сауықтыру кешені Көкшетау қаласының облыс орталығынан 50 км. және Астана қаласынан 320 км. қашықтықта, «Көкшетау» Ұлттық паркінің аумағында, қарағай орманында, «Зеренді» көлінің жағасында орналасқан.
Кешен мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің демалысы және балалар демалысын ұйымдастыру үшін бұрынғы «Олег Кошевой» пионерлер лагері базасында 2000 жылы құрылған.
Кешен аумағы 8,89 га., 53 нөмірден тұратын тұрғын-үй корпустары бар, сонымен қатар оған спорт кешені (бассейн, спорт залы, тренажерлік зал), ем қабылдау корпустары, бос уақытты өткізу орталығы, 200 орындық асхана  және шаруашылық объектілері кіреді.
Ықтимал жалға алушы келесілерді қамтамасыз етуге міндетті:

  • Сауықтыру кешенін оны мақсатты пайдалануына сәйкес пайдалануға;
  • Онда орналасқан инженерлік техникалық жүйелердің апатсыз және тиісті тәртіптемедегі қызметін;
  • Жазғы жолдама бағаларына қатысты баға саясатын сақтау;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания топтарына корпоративтік жеңілдіктер ұсыну.


Ықтимал жалға алушы 18.11.2016 жылғы мерзімге дейін «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС мекенжайына жалға алу туралы коммерциялық ұсынысты, сондай-ақ бұдан басқа Кешен аумағында ұсынатын қызметтердің спектрін ұлғайтуға және Кешен клиенттерінің қанағаттандырылуын арттыруға бағытталған жалға алуышының жоспарланған салымдары туралы мәліметтерді ұсынады. Сонымен қатар ықтимал жалға алушы өз компаниясының сипаттамасын (портфолио), жұмыс тәжірибесін және қаржылық тұрақтылығын және өзге де көрсеткіштерін атап көрсетеді.
Нақты мәлімет алу үшін Астана қ. Республика даңғ.32 мекенжайы, +7 (7172) 97-98-70, + 7 (777) 210-00-20 телефондары арқылы хабарласыңыздар. Электрондық мекенжай: n.malitskaya@kmg-service.kz.

 


31 Қазан 2016 Жаңалықтарға оралу