Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Ғимараттарға қызмет көрсету

Жайлылықты қамтамасыз етумен
біз адамдардың жұмыс істеуіне  қолайлы және жағымды
 атмосфераны  жасаймыз

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-сы жайларды, аумақтарды тазалау және ғимараттарға техникалық қызмет көрсету, әртүрлі ауқымдағы және мақсаттағы объектілерде бір жолғы жұмыстардан бастап кешенді  қызмет көрсетуге дейінгі қызметтердің күрделі спектрін ұсынады.  

Қызметкердің мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігі кешенде төмендегі кәсіби қызметтерді орындау жөніндегі мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Кеңселер мен жайларды тазалау
  • Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталған соң тазалау
  • Терезелер мен сөрелерді, шыныларды тазалау
  • Перделер, шілтер шымылдықтарды және т.б. тазалау
  • Барлық едендік жабындыларды тазалау, жылтырату, кристалдау және балауыз жағу (мәрмәр, гранит, паркет, ламинат, линолеум, керамика тақтайшалар)
  • Кілем, терезе жапқыштарды тазалау
  • Іргелес аймақтарды тазалау
  • Жас көшеттерді баптау
  • Тоқыма және жұмсақ жиһаздарды тазалау және жуу
  • Электрмонтаждық және сантехникалық жұмыстар
  • Объектілерге стационарлық қызмет көрсету (шарт негізінде)
  • Дәретхана бөлмелерін тазалау және залалсыздандыру 

«КазМұнайГаз-Сервис» ЖШС  – бұл жайларды, аумақтарды тазалау және ғимараттарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтердің толық спектрі.

2005 жылдан бастап «КазМұнайГаз-Сервис» ЖШС  Клинингтік Компанияның Орталық-Азия Ассоциациясының мүшесі.

2005 жылы Алматы қаласында өткізілген клинингтік компаниялар арасындағы «Үздік мамандық» конкурсының жеңімпазы болды.

Кеңседегі тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етуді  «КазМұнайГаз-Сервис» ЖШС сеніп тапсырыңыз – өзіңізді қызметкерді таңдау, қазіргі заманғы жабдықтарға, жуғыш құралдарға және жұмыс сапасына бақылау жасауға қатысты мәселелерден босатыңыз.

Ғимаратқа қызмет көрсету жөнінде шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда өз ескертулеріңіз бен түсініктеріңізді келесі электрондық мекенжайларға uborka@kmg-service.kz (ғимаратты тазалау бойынша) және inzhener@kmg-service.kz (инженерлік жүйе жұмысы бойынша) жолдауыңызды сұраймыз.