Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Құрылыс

Күрделі құрылыс департаменті «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның құрылымында болып табылады және мына міндеттерді атқарады:  

  • құрылыстың, бастапқы қалпына келтірудің, кеңейту және Серіктестік объектілерін күрделі жөндеудің жедел және перспективалық жоспарларын жасау;
  • Серіктестік бюджетіндегі құрылыс, бастапқы қалпына келтіру, кеңейту және Серіктестік объектілерін күрделі жөндеу бойынша күрделі салымдар бағдарламаларын  басқару;
  • Серіктестіктің құрылыс, бастапқы қалпына келтіру, кеңейту және Серіктестік объектілерін күрделі жөндеу бойынша инвестициялық жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
  • құрылыстағы күрделі салымдар тиімділігін, құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасын, жоспарланған құрылыс мерзімдерін сақтауды  қамтамасыз ету;
  •  құрылыс, бастапқы қалпына келтіру, кеңейту және Серіктестік объектілерін күрделі жөндеу бойынша тапсырыс берушінің міндеттерін орындау.

«Қазақстан тарихы мұражайы» жобасын іске асыру барысы туралы ақпарат

Объект: «Астана қаласындағы  «Қазақстан тарихы мұражайы»

Тұрған жері: Астана қ. , «Есіл» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы,  Ж.Нәжімеденов және Ш.Қалдаяқов көшелері арасында
Телім ауданы: 9,908 га
Мұражайдың қабаты: 2 қабаттан 9 қабатқа дейін
Құрылыстың жалпы ауданы: 62300 м²
Экспозиция ауданы: 14095,0 м²                        
Қор қоймасының ауданы: 5470,0 м²
Зертхана және қалпына келтіру шеберханасының ауданы: 2595,4 м²
Ғылыми-әкімшілік және қызметтік жайлар ауданы: 8981,0 м²
Ашық автотұрақтар: 482 орындық
Мейрамхана: 250 орындық
Акт залы: 300 орындық
Кітапхана: 138 орындық
Тапсырыс беруші: «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС
Мердігер: «Turkuaz Construction» ЖШС
Жобалаушы : «Базис Проект LTD»   ЖШС                
Құрылыс ұзақтығы: 12 ай

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 11-5/007-856,07-43 тапсырмасына сәйкес іске асырылады.

«Астана қаласындағы «Қазақстан тарихы мұражайы» объектісінің эскиздік жобасы дайындалды және бекітілді.

Астана қ. әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі № 37-615п қаулысына сәйкес «Байтерек» корпоративтік қорына Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов және Ш.Қалдаяқов көшелері арасындағы мекенжайдан объектіге зерттеу, іздеу жұмыстары және жобалау, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ауданы 9,9 га жер телімі  бөлінді.

«Байтерек» корпоративтік қоры «Өркен қала» ЖШС-мен бірлесе отырып, осы көрсетілген жер аумағында бар құрылыстарды бұзу бойынша жұмыстар жүргізуде, бұдан кейін жер телімі «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-на беріледі.

Қалалық электр және жылумен қамтамасыз ету, суқұбыры, кәріз және жаңбыр суына арналған кәріздік инженерлік желілерге объектіні қосу үшін техникалық шарттар алды. «Караганда ГИИЗ и К*» АҚ-пен құрылысқа берілген жерге топографиялық түсірілім жүргізілді және аумаққа инженерлік-геологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Серіктестікпен «Базис-Проект LTD» ЖШС-мен объектінің ЖЭҚ және ЖСҚ дайындау үшін а.ж. 20 қазанында № 421-21 шарты жасалды 2010 жылғы 23 қарашада ЖЭҚ жобасы «Мемсараптама» РМК сараптама жасалу және дұрыс қорытындысын алу үшін тапсырылды, 2010 жылғы желтоқсанда мемсараптаманың ЖЭҚ-ға қорытындысы алынды. 2011 жылғы 10 ақпанда «Turkuaz Construction»

ЖШС-мен объектінің құрылысы туралы шарт жасалды.

Құрылыс алаңында 10.10.2011 құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаннан бері келесі жұмыстар жасалды:

Іргетас – 100%
Темірбетон тірек– 65 %
Құрылыс басталғаннан бері -  3 319 млн. теңге күрделі салымдар жұмсалды.

«Боржоми-Ликани» сауықтыру кешені» объектісі жобасын іске асыру барысы туралы ақпарат

Обьект: «Боржоми сауықтыру  клубы, СПА және қонақүй»

Тұрған жері: Грузия Республикасы, Боржоми
Құрылыс салу телімі : 38,0 га
Құрылыс ауданы: 24 160 м2
Бас корпустың жалпы ауданы:  21 281 м2  
Қабаты :  2-7
Орталық ғимарат:
Нөмірлердің жалпы саны: 311 адамға 136 дана
Бір бөлмелік стандарт нөмірлер: 99 дана 
Бір жарым бөлмелік люкс нөмірлер: 12 дана
Жанұлық 3 адамдық екі кісілік нөмірлер: 11 дана
Жанұлық 4 адамдық екі кісілік нөмірлер: 9 дана
Үш бөлмелік нөмірлер: 4 дана,соның ішінде:

  • апартаменттер: 2 дана
  • VIP апартаменттер: 1дана 
  • премьер нөмірі: 1 дана

алты бөлмелі президент нөмірі: 1дана 
140 орындық мейрамхана
Кафе-асхана – 72 орындық
Конференц-зал - 140 орындық
Дәріс залы -48 орындық
Бөлек тұрған ғимараттар:
Виллалар –630 м2 4 орындық
Кафе -140 орындық
Мейрамхана - 168 орындық
Құрылыс ұзақтығы :18 ай
Тапсырыс беруші: «КазМунайГаз-Сервис» ЖШС
Жобалаушы: «Демарк» ҚБҰ

Объект бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды жасау аяқталды, Грузия сарапшыларының қорытындысы алынды. Сонымен қатар жобаға тәуелсіз сараптама жүргізілді. Кешеннің жалпы ауданы коттедж, жазғы бар-мейрамханалар мен жылыжайды қосқанда – 24 160 ш.м. құрайды, соның ішінде бас корпустың ауданы – 21 281 ш.м.

«5 жұлдызды категориялы Шымкент қ. қонақ үй кешені» жобасын іске асыру барысы туралы ақпарат

Тұрған жері: Шымкент қ.  Байдібек-би көш,
Тапсырыс беруші: «КазМұнайГаз-Сервис» ЖШС
Телім ауданы:  3,0 га
Жобалаушы: «Базис Проект LTD» ЖШС

Шымкент қ. әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 1005 қаулысына сәйкес Серіктестікке жобалау және құрылыс салу үшін Бәйдібек би даңғылы Ипподром ауданынан ауданы 30 мың шаршы метр жер телімі берілді.

Қалалық инженерлік желілерге қосу үшін алдын ала техникалық шарттар және сәулет-жоспарлау тапсырмалары алынды, телімнің топографиялық түсірілімі орындалды.
Қызметтерді сатып алу туралы 2010 жылғы 25 қазандағы № 423-21 шартқа сәйкес «Базис Проект LTD» ЖШС-сы объектінің эскиздік жобасын жасады, бұл Шымкент қ. әкімдігі жанындағы қала құрылысы кеңесімен бекітілді.

Сондай-ақ, Серіктестікпен «Базис Проект LTD» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамаларды (ЖСҚ) дайындау үшін қызметтерді сатып алу туралы 2011 жылғы 25 қазандағы № 423-21 шарты жасалды.
Жобалық-сметалық құжаттамаға ОҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қорытындысы алынды. Жер телімін таңдау актісін алу үшін жұмыстар жүргізілуде.
«Жоба» сатысындағы ЖСҚ дайындау аяқталды және «Жобаларды мемлекеттік ведомолық емес сараптау» (бұдан әрі-Мемсараптама) РМК-ға қарау үшін берілді.

«Сұңқар» СК, «Зеренді» СК және «Малиновый мыс» СК-дағы объектілерді күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпарат

Ақмола облысы Зеренді с. «Сұңқар» СК бассейні бар спортзал ғимаратын күрделі жөндеу және қайтадан қалпына келтіру бойынша «Бизнес Консалтинг ЕС» ЖШС-мен 2010 жылғы 30 желтоқсанда шарт жасалды.

Жұмыстар а.ж. шілде айында аяқталды, объектіні пайдалану үшін мемлекеттік актіге қол қойылды.

Қазіргі уақытта жалғас салынған бассейні бар спортзал бөлігіне балшықпен емдеу кабинеттер мен боулингтерді орналастыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмыстар жобалаушылармен орындалуда.

Жобалаушымен Ақмола облысы Зеренді ауданында орналасқан «Сұңқар» СК, «Малиновый мыс» ДҮ-де аумақтың топотүсірілімі және жайқорғағыш жүйелерді орналастыру үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындау бойынша шарт жасалды.

«Сервисная компания Астаны» ЖШС-сы мердігерлік ұйыммен коттедждерді және «Малиновый мыс» сауықтыру кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.