Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Көлік қызметтері

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның көлік департаменті Серіктестік құрылған күннен бері 12 жыл жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда департаменттің құрамында 101 техника бірлігі, 102 жүргізуші және 10 инженерлік-техникалық жұмыскерлер бар. Департамент ұжымын құруға және қалыптастыруға, жұмысын ұйымдастыруға Серіктестіктің ардагері, өндірістік блокты 10 жылдан аса басқарған  Ә.А.Құсайынов тікелей ат салысты.  Сондай-ақ ұжымның корпоративтік рухын қалыптастыруда департамент құрылған күннен бері жұмыс істеп келе жатқан және жас жолдастарына жұмыста да, тұрмыста да үлгі болатын Нұрмағанов Есен, Каюкин Дмитрий, Бөкеев Сағындық, Жүнісов Сағдат және т.б. жүргізушілердің ұйытқысы үлкен рөл атқаруда. Осылардың арқасында ұжымда кадрлардың тұрақтамауы, өндірістік тәртіпті және ЖЖЕ бұзушылық жоқ деп айтуға болады.

Департаменттің негізгі қызметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ, «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, KMG Kashagan B.V., «ҚМГ салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС, «ҚР Мұнай және газ министрлігі» ММ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – «Ресурстық қамтамасыз ету дирекциясы», «PSA» ЖШС және т.б. сияқты мұнай газ саласындағы ұйымдарға көліктік қызмет көрсету болып табылады.

Көлік департаментінің  жұмысы өндірістік бағдарламаларды жылдам және үздіксіз орындаудан тұрады, бұл МС ИСО 9001:2008 менеджмент және сапа жүйесі бойынша жасалған шарттарға сәйкес кәсіпорындарға сапалы қызмет көрсетуді ұлғайтуға әкеледі.

Департаменттің жұмыс тәртібі өндірістік мәселелерді жедел шешу үшін тәуліктік негізге қойылған. Сондай-ақ департамент сол жағалауға қызмет көрсететін техникалық жұмыскерлерді тасымалдаумен айналысатын болғандықтан, әр түрлі делегацияларды қарсы алу, шығарып салу бойынша бір жолғы өтінімдерді, өтінімнің келіп түсуіне қарай әр түрлі конференцияларға қалааралық тасымалдауды және т.б. жүзеге асырады.

Көліктік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда өз ескертулеріңіз бен түсініктеріңізді келесі электрондық мекенжайға transport@kmg-service.kz жолдауыңызды сұраймыз.