Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Іс-шараларды ұйымдастыру

 

 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның сервистік қызметтер департаменті тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтердің кең ауқымын көрсетеді. Іс-шараларды өткізуге негізгі тапсырыс берушілер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, оның еншілес және тәуелді ұйымдары, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, сондай-ақ өзге де компаниялар болып табылады.

Көрсетілетін қызметтердің тізімі:

  • эстрада әртістері мен қоюшы режиссерді тарту арқылы концерттік бағдарлама ұйымдастыру бойынша қызметтерді ұсыну;
  • корпоративтік және мәдени-көпшілік іс-шараларды, оның ішінде спорт іс-шараларын өткізу бойынша қызметтерді ұсыну;         
  • іс-шараны дыбыстық, жарықтық, музыкалық сүйемелдеу, сахна орнату, видео-проекциялық жабдықты орнату бойынша қызметтерді ұсыну;
  • іс-шара өтетін жерді тақырыптық ресімдеу, іс-шараны суретке және таспаға түсіру бойынша қызметтерді ұсыну;
  • ресми түскі ас, кешкі ас, кофе-брейк, фуршет, ресми қабылдаулар өткізу бойынша қызметтерді ұсыну;
  • конференциялар, брифингтер, кеңестер, отырыстар, ресми кездесулер, тим-билдингтер ұйымдастыру бойынша қызметтерді ұсыну;
  • ілеспе аударма, дыбыстық және аудио жазба үшін жабдық ұсыну, аудармашылардың қызметін ұсыну бойынша қызметтер;
  • жаңажылдық ертеңгіліктер ұйымдастыру, балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтар жеткізу бойынша қызметтерді ұсыну;
  • көліктік қызметтерді ұсыну  (жайлы автобустар

«Ата-Жер» ЖШС, ЖК Нуркалиев, «Интера» ЖШС,  «KazManagementGroup» ЖШС қызметтердің  ресми жеткізушілері болып табылады. 

2011 жылдың қаңтар айынан бастап төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

 №
Іс-шара

Өткізілген іс-шаралар саны

Тапсырыс беруші ұйым
18 наурыз халықаралық әйелдер күнін өткізуді ұйымдастыру1«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
2Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу1«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ» және ЕТҰ
39 мамыр-ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетуді ұйымдастыру және өткізу 2«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ»
ҚМГ БӨ АҚ
41 маусым балаларды қорғау күнін ұйымдастыру және өткізу.1ҚМГ БӨ АҚ
5Мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күнін ұйымдастыру және өткізу2«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ»
ҚМГ БӨ АҚ
6Ресми кездесулер11«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
7Кеңестер8«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
8Форумдар және конференциялар4«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
9Доссор мұнай және газ кен орнының 100 жылдығын ұйымдастыру және өткізу1ҚМГ БӨ АҚ
10Зеренді к. «Сұңқар» СК-да президенттік тесттердің нормативін тапсыруды ұйымдастыру және өткізу және  мини-футболдан турнир өткізу.1«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ» және ЕТҰ

 

Серіктестік жыл сайын жазғы каникул кезінде «Сұңқар» СК-да балаларға арналған тақырыптық семестр ұйымдастырады. Жазғы семестрдің негізгі қатысушылары Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балалар болып табылады. 2011 жылғы «Менің Отаным-Қазақстан» жазғы семестрдің бағдарламасы балалардың отаншылдық сезімдерін, Отанға деген махаббаттарын, үлкендерге деген құрметтерін нығайтуға бағытталды.

 Тақырыптық шараларды(жарыстарды) ұйымдастыру және өткізу жөнінде шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда өз ескертулеріңіз бен түсініктеріңізді келесі электрондық мекенжайға meropriyatiya@kmg-service.kz жолдауыңызды сұраймыз.



 

Сервистік және туристік қызметтер департаменті 2013 жылы келесі шараларды ұйымдастырды және өткізді:
- «КазТрансГаз» АҚ және оның еншілес ұйымдары үшін қысқы спартакиада;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін 8-наурыз әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара, 1941-1945 жылдардағы ҰСА ардагерлерін құттықтау салтанаты, мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, Мәскеу қ. мини-футбол бойынша турнирге қатысу, «Самұрық-Қазына» АҚ компания топтары қызметкерлерінің арасындағы бірінші спартакиадаға қатысу;
- «КазТрансОйл» АҚ қызметкерлері үшін «Мектепке-«ӘЛІППЕМЕН» және мини-футбол бойынша турнир.
- «КТЖ» ҰК» АҚ үшін Астана қ. спорттың 7 түрі бойынша спортшы- теміржолшылар үшін жазғы спартакиада өткізілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ үшін корпоративтік кештер мен жаңа-жылдық ертеңгіліктер сынды бірқатар жаңа-жылдық іс-шаралар өткізілді. «Светоч» балалар үйі үшін жаңа-жылдық ертеңгіліктер мен сыйлықтар ұйымдастырылды.
2014 жылдың 24 ақпанынан бастап 1 наурыз аралығында «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС серіктестік тарихында алғаш рет 9 ел қатысқан халықаралық жарыс ұйымдастырды, атап айтқанда: Алматы қ. «Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайындағы теміржолшы-спортшылардың XIX Халықаралық одағының чемпионаты  (USIC). Жарысқа Чехия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Швейцария, Бельгия, Болгария және Қазақстан командалары қатысты.
USIC – бұл 1947 жылы Флоренцияда (Италия) теміржолшы-спортшылардың екінші Еуропалық конгресінде құрылған спорт бірлестігінің бірегей саласы.  Негізгі мақсаты- әртүрлі елдердегі теміржолшыдар арасындағы спорт қозғалысын қолдау, салалық спорт бауырластығын нығайту, күрделі және жауапты мамандықтың бірі болып табылатын кәсіптегі адамдар арасында салауатты өмір салтын қолдау. Қазіргі уақытта оған барлық Еуропа елдері мен Үнді елі кіретін 25 ел қатысады. Бұл жарыс төрт жылда бір рет өткізіледі. Осы жылы бұл жарысты өткізу Қазақстан Республикасының еншісіне тиді, ал оны өткізу және ұйымдастыру біздің ұйымға сеніп тапсырылды.
Құрметті қонақтар арасында USIC президенті Дэвид Франкс және USIC-тің құрметті мүшесі – Жозеф Зедер қазақстан жерінде өткізілген чемпионаттың кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.

Қазақстан темір жолының 110 жылдығын тойлау аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ , «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ , «PSA» ЖШС үшін 8-наурыз әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС үшін мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін өткізуді ұйымдастырды.
Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына орай ардагерлерді құттықтау салтанатын ұйымдастырды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ , «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ –тың Алматы қ. 22-қазақстандық «KIOGE -2014» «Мұнай және Газ»  халықаралық көрмесі мен конференцияға  қатысуын ұйымдастырды.

Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан және Ресей ынтымақтастығының XI өңіраралық форумы аясында «Күкіртсутек саласындағы инновация» көрмесін дайындады және өткізді.

Осы жылы «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның құрылғанына 15 жыл толды. Мерекелеу аясында Серіктестіктің қызметкерлері қатысқан келесі жарыстар ұйымдастырылды: Боулинг,бильярд,гір спорты, ерлер және әйелдердің үстел үсті теннисі,  үздік белсенді қызметкер.
 
Сервистік және туристік қызметтер департаментінің қызметкерлері басшылыққа алатын қағидаттар - бұл кәсіпқойлық, сапа және тапсырманы дер кезінде орындау.Тапсырыс берушілер бізді олардың мақсаты мен құндылықтарын ажырата білетін сенімге ие, сенімді серіктес ретінде қабылдайды. Қызметтес болуға шақырамыз! Біздің байланыс телефондарымыз: 97 98 67, 97 98 79, 97 98 33, 97 95 35, 97 98 39.