Тарихы
1999 жылғы 19 сәуірде «Қазақойл» ұлтттық мұнайгаз компаниясы» жабық акционерлік қоғамымен (бұрында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ, артынша «ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ болып қайта аталды) «Қазақойл-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру туралы шешім қабылданды.
2011 жылғы 19 сәуірде «ҚазақОйл-Сервис» ЖШС-ның қатысушылары төмендегілер болып табылатын құрылтай шарты жасалды:
- «Казақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» жабық акционерлік қоғамы;
- «Казақойл-Ембі» ашық акционерлік қоғамы (артынша «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы болып қайта аталды);
- «ӨзенМұнайГаз» ашық акционерлік қоғамы / 2004 жылғы наурызда «ҚазақОйл – Ембі» ААҚ мен «Өзенмұнайгаз» ЖАҚ біріктіру нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамы құрылды;
- «Қазақстанкаспийшельф» ашық акционерлік қоғамы/ 2005 жылғы 4 наурызда «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС –ның қатысушылар құрамынан шықты.
- «Атырау мұнай өндеу зауыты» ашық акционерлік қоғамы/2005 жылғы 29 желтоқсанда Серіктестіктің қатысушылар құрамынан шықты.
«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» акционерлік қоғамы 2005 жылғы 29 желтоқсанда құрылтай шартқа қосылу шартын жасау арқылы «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның қатысушысы болды/ 2007 жылғы 8 ақпанда қатысушылар құрамынан шықты.
2002 жылғы 12 қазаннан бастап «ҚазақОйл-Сервис» ЖШС-сы «ҚазМұнайГаз-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта аталды.
Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ның қатысушылары:
- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
- «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамы.
Серіктестік активтерінің құрылымы
Активтің/объектінің атауы |
«ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ-тың 100% акциялар пакеті |
«Aysir turizm ve insaat» 75% акциялар пакеті |