Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Қызметкерлерді бағалау және уәждеу

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС қызметкерлерін бағалау

 Қазіргі күні «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-да қызметкерлердің жұмысын жан-жақты және әділ бағалау үшін және қызметкерлердің жұмыс тиімділігін орынды басқару үшін екі әртүрлі тәсілге бейімделген қызметкерлерді бағалау жүйесі жұмыс істейді:

  1. Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objective), қызметкердің қол жеткізген мақсаттарының деңгейін және сапасын бағалайтын бағалау жүйесі.
  2. Құзыретті бағалау (Performance Management), қызметкердің әрі қарай дамуына бағытталған белгілі бір критерийлер (құзыреттер) бойынша мінез-құлқын бағалау жүйесі.

Жүргізілген бағалау нәтижелеріне сәйкес қызметкерлер жыл сайын алдына қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жеке даму жоспарларын жасайды, оның ішіне оқу іс-шаралары (оқу, семинарлар, тренингтер) кіреді.
Қызметкерлерді бағалау жүйесінен басқа Серіктестікте қызметкердің алып отырған лауазымына сәйкестігін анықтау үшін қызметкерлерді аттестаттау жүйесі бар. Қызметкерлерді аттестаттау қызметкерлерді кәсіби-профильді бағыттар бойынша тестілеу арқылы 3 жылда 1 рет өткізіледі.

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС қызметкерлерін ынталандыру 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС қызметкерлерін тарту, жібермеу және ынталандыру – ұйымның адам қорларын басқару саласындағы негізгі мақсаттары. Қазіргі күні «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС қызметкерлерін ынталандыруға төмендегілер кіреді:

  • жеңілдіктер (Benefits) – жұмыс беруші қызметкерге төленетін ақшалай сыйақыны толықтыру үшін пайдаланатын бағдарламалар;
  • жұмыс тиімділігін бағалау және мойындау (Performance and recognition) – тиімділікті бағалауға компанияны жетістікке жеткізетін бизнес мақсаттарға қол жеткізу бойынша жеке жұмыскердің, команданың және бүкіл компанияның әрекеттерін келісу және бағалау кіреді.
  • мансабының дамуы және өсу мүмкіншіліктері (Development and career opportunities) – дамуға қызметкерлердің дағдысын және құзыретін кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған оқу іс-шаралары кіреді. Мансабын өсіру мүмкіншілігі қызметкерлердің мансап құру мақсаттарына қол жеткізулеріне көмек көрсететін жоспарлауды білдіреді.

Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұсынған саясатқа және тәжірибеге сәйкес жасалды.